
Сайыс барысында ер әскери қызметшілер 40 жасқа дейінгі санатта мынадай номинациялар бойынша сайысқа түсті. Атап айтқанда, 100 және 3000 метрге жүгіру, қашықтыққа граната лақтыру, 40 жастан асқандар 60 және 1000 метрге жүгіру, қашықтыққа граната лақтыру. Әйел әскери қызметшілер 1000 метрге жүгіру және кешенді күштік жаттығуды орындау шеберлігінен тартысқа түсті. Сайыс нәтижелері бойынша 40 жасқа дейінгі ер әскери қызметшілер арасында аға лейтенант Айбек Жамылшиев үздік нәтиже көрсетті. 40 жастан асқан ер әскери қызметшілер арасында полковник Владимир Чернов бірінші орынды иеленді. Әйел әскери қызметшілер арасында кіші сержант Раушан Есжанқызы спортта үздік атанды. Жалпы командалық есепте полковник Жаслан Жаманбаев жетекшілік еткен курсанттардың 3-батальонының командасы бірінші орынды қанжығалады. Жүлдегерлер грамоталармен, ал чемпиондар командасы ауыспалы кубокпен және грамотамен марапатталды.