
Кездесу барысында мектеп оқушыларына әскери оқу орындары туралы ақпарат, оқуға түсу және онда оқу шарттары жеткізілді, үгіт-насихат бейнероликтерін тамашалау ұйымдастырылып, сондай-ақ әңгімелесулер өткізілді. Институт әскери қызметшілері оқушыларға АК-74 автоматын толық және толық емес шашуды көрсетіп, оның тактикалық-техникалық сипаттамалары, жаппай жою қаруынан, химиялық қарудан қорғану құралдары туралы айтып берді. Сондай-ақ жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию бойынша нормативтерді орындау бойынша сайыс өткізді. Экскурсия оқу адиторияларына, спорт залы мен авиациялық техника музейіне барумен аяқталды. ӘҚК Әскери институты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің қарулы күштері әскери кадрларды бірлесіп дайындаудың оқу орындарының тізбесіне енгізілгенін айта кетейік. Бүгінде ұшқыштың кәсіби даярлығынан қойылған жауынгерлік тапсырмалардың орындалуы байланысты. Заманауи жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтардың күрделілігі әскери ұшқыштан терең инженерлік білімді қажет етеді. Сондықтан болашақ ұшқыштарды пилотаждау, ұшақ жүргізу, әуе ұрысын жүргізу және бомба лақтыруға ғана емес, сонымен бірге, ұшу аппараттарының барлық жүйелерін сауатты пайдалану шеберлігіне оқып-үйретеді.