Запастағы сержант паралимпиадашылар арасында оқ атудан спорт шебері спорттың жаңа түрін меңгеруде

Запастағы сержант паралимпиадашылар арасында оқ атудан спорт шебері спорттың жаңа түрін меңгеруде

Жаттығу Германияның паралимпиадашылар  комитетінің үздік мамандарының жетекшілік етуімен өтуде. Жиынға Германия, Франция, Швеция және Эстонияның спортшылары қатысуда. Жазатайым оқиғаның салдарынан запастағы сержант А. Жылқышынов ІІ топтағы мүгедек болып қалды және Қарулы Күштер қатарынан кетуге мәжбүр болды. Күш-жігерін жоғалтпай, мықты мінезі мен мақсатқа ұмтылуының арқасында Айдос қиындыққа мойымай Отанға әрі қарай қызмет етуге бел буды. Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Германияда әскери қызметшілер арасында IV дүниежүзілік қысқы ойындар өтеді.  Ойын бағдарламасына алғаш рет CISM  шеңберінде паралимпиадашылар арасындағы сайыс енгізілді. Спортшымыз 2 ойын түріне, яғни, биатлон мен шаңғы жарысына қатысуды жоспарлап отыр.