
Медициналық іріктеуден сәтті өткен тәрбиеленушілердің әрқайсысы 450 мл көлемінде қан тапсырды. Барлығы 10 литр қан тапсырылды. Аталмыш акция аясында қанды мектеп тәрбиеленушілері ғана емес, сонымен бірге, профессорлық-оқытушылар құрамы да тапсырды. Қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жиі түрде Қазақстандағы донорлық дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді және донорлық қанға зәру адамдарға көмектесіп тұратындарын айта кету қажет.