
Сайыс Қазақстанның барлық облыстарынан 400-ге жуық мықты дзюдошылардың, Грузия, Ресей және Өзбекстаннан келген спортшылардың басын біріктірді. Турнир қорытындысы бойынша АОСК-ның мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Әділ Оразбаев (+100 кг) алтын медальді қанжығасына байлады. Армиялық палуандар Бегарыс Әбушахман (90 кг) мен кіші сержант Талғат Әміренов (+100 кг) екінші орынға табан тіреді. Ерасыл Сәкенұлы (73 кг) және АОСК-ның мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Дәурен Нұралинов (+100 кг) Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын қола медальдармен толықтырды. Батырбек Сейсенбаевты еске алуға құрметіне орайластырылған халықаралық дода жеңімпаз медальдан басқа спорт шебері атағын иемденетін Қазақстанда дзюдодан төрт спорттық сайыстың бірі болып табылатынын айта кеткен жөн.