
10 күн бойы атлетшілер саптық, тактикалық, атыс, арнайы және таулы даярлықтарынан, сондай-ақ әскери топография мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаудан машықтарын арттырады. Далалық жорыққа барлығы 18 армиялық спортшы тартылды. Олардың арасында танымал қазақстандық марафоншы, 2016 жылғы Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы ефрейтор М. Красилов, Қазақстанның ең танымал шаңғышылардың бірі 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиада ойындарының қатысушысы аға сержант Е. Коломина, Оңтүстік Кореядағы 2015 жылғы Дүниежүзілік армиялық ойындардың чемпионы кіші сержант Е. Сарқұлов, халықаралық додалардың жеңімпазы мен жүлдегері, самбо және дзюдодан ҚР спорт шебері қатардағы жауынгер Б. Мұқатаев пен тағы басқалар бар. «Далалық шығу спортшыларымыздың псхологиялық тұрақтылықтарын, жоғары жауынгерлік рухтарын, қиындықтарды еңсеруде төзімділіктерін, қойылған тапсырманы сапалы орындауда жауапкершілік сезімдерін шыңдай түседі. Практикалық сабақтарда атлетшілер тактикалық, атыс даярлығы бойынша дағдыларын бекітіп, әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және өзге де пәндер бойынша білімдерін кеңейтеді, сондай-ақ командалық қасиеттерін қалыптастырады», - деді АОСК бастығы Айталап Қорғамбаев.