«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі «Аtyrau Mаrаthон 2019» жеңімпазы атанды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі «Аtyrau Mаrаthон 2019» жеңімпазы атанды

Биылғы жылы жүгіру ең жаппай болды және Қазақстанның барлық өңірлері мен шетелден үш мыңға жуық қатысушының басын қосты. Қатысушыларға 42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымды жүгіріп өтуге тура келді. 3 км қашықтықта «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының офицері подполковник Т. Ахметов жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер үштігіне Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшісі  аға сержант А.Иманов ілінді. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен сыйлықтар бұйырды. Барлық қатысушылар естелік медальдарға ие болды.