
«KazRobotProject» чемпионаты Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында өткізілді. Аталған ісшараға 228 команда қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша мектеп тәрбиеленушілері С. Балтабаев пен Т.Мамадалиев бірінші орынды иеленді, ал М. Әли мен Д. Кузеев екінші орынды еншіледі. «Жас ұлан» республикалық мектептерінде Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған оқу мен спортта талантты және дарынды балалар, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары білім алып жатқанын айта кету қажет.