Қарулы Күштерде «Далалық ас үй» сайысына қатысу үшін азық-түлік қызметінің үздік мамандары анықталды

Қарулы Күштерде «Далалық ас үй» сайысына қатысу үшін азық-түлік қызметінің үздік мамандары анықталды

«Далалық ас үй» сайысының мақсаты халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру, жауынгерлік дайындық бойынша бәсекелестікті дамыту мен әскери және әскери-арнайы техниканың үлгілерін (тактикалық-техникалық сипаттамаларын) көрсету болып табылады. Байқау бірнеше кезеңде өтті. Оқ ату, байқау ұйымдастырушылары айқындаған мәзір мен рецептурасына сәйкес ас дайындау мен нан пісіру бойынша байқау мен сайыс ұйымдастырушылары беретін азық-түлік жиынтығынан еркін рецептура бойынша нан-тоқаш өнімдерін пісіру мен ас әзірлеу бойынша жарыстар.   Далалық жағдайда ас дайындау мен нан  және нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу үшін ПП-40 тасымалданатын плиталар, КП-30 тасымалданатын ас үйлер, КП-130 тіркемелі ас үйлері, сондай-ақ  тіркемелі нан пісіретін блоктар пайдаланылды. «Далалық ас үй» азық-түлік қызметі мамандарының Армиялық халықаралық байқауы «АрХО – 2019» шеңберінде Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында өтеді. Ал байқаудың ресми ұраны «Жақсы ауқаттанып, ұрыста асып түстің» қанатты сөзі болды.