Қарулы Күштерде «Көктем – 2018» шақырылымының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа салтанатты түрде шығарып салу басталды

Қарулы Күштерде «Көктем – 2018» шақырылымының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа салтанатты түрде шығарып салу басталды

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді салтанатты шығарып салуды алғашқылардың бірі болып Десанттық-шабуылдау әскерлері өткізді.  Қызметтерін адал орындап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағандары үшін көптеген әскери қызметшілер әскерлер қолбасшысының атынан грамоталармен, әскери бөлімдердің командирлерінен алғыс хаттармен, сондай-ақ әскери қызмет туралы естелік үшін фотоальбомдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлімдердің командирлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.  «Керемет қызметтеріңіз үшін зор алғыс білдіремін. Сапта тұрған әрбір жауынгер аға буынның дәстүрін жалғастыра отырып, Отанға деген адалдығын дәлелдеді.  Ең лайықты әскери қызметшілер аспан, жан тазылығы, адалдық,  нымыс пен қайырымдылықтың символы іспетті көгілдір беретті тағып жүргендерін мақтан етемін.  Өмірлеріңде дұрыс жол табуларына тілектеспін. Қанатты жаяу әскер қатарында алған тәжірибелерің септігін тигізеріне сенімдімін», - деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Р. Жанысов. Қарулы Күштерде ағымдағы жылғы көктемде заңмен белгіленген әскреи қызмет мерзімін өткерген 6000-ға жуық әскери қызметші запасқа босатылатынын естеріңізге сала кетейік. Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді, бірнеше рет іс жүзінде жоғары жауынгерлік машықтарын паш етті. Босатылатын әскери қызметшілердің көбісі республикалық және халықаралық маңызы бар ҚР Қарулы Күштері ауқымындағы іс-шараларды дайындау мен өткізуге белсене қатысқандарын айта кетейік.