
Олимпиадаға 7 елдің, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командаларықатысуда. Олимпиадада төрешілік ету үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттер командаларының басшылары, сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылымдар академиясы бейінді ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері мен азаматтық ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылар құрамынан математика саласындағы тәжірибелі мамандар тартылды. «ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың тікелей жетекшілік етуімен әскери оқу орындары бүгінде офицерлер құрамын сапалы дайындауға аса ден қояды. Мұндай іс-шаралар халықаралық сенімді арттыруға, достастық байланысты дамытуға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әскери ЖОО-лары арасында ғылыми-білім беру тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.», - деді халықаралық олимпиаданың ашылуында Кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы генерал-майор Р. Көпбаев. Олимпиада 4 кезеңнен тұрады. Алдыңғы екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы көш бастап келеді. Екінші орынға Ресей командасы табан тіреді және үшінші орынға Өзбекстан командасы жайғасты. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жоғары әскери оқу орындары курсанттарының математикадан халықаралық олимпиадасы 2014 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын айта кетейік. Жабылу рәсімі а.ж. 25 сәуірде өтеді.