Әскери теңізшілер жас патриоттарды әскери іске оқытып-үйретті

Әскери теңізшілер жас патриоттарды әскери іске оқытып-үйретті

Практикалық сабақ барысында өрістетілген екі оқу орнында дулыға мен броньды кеудеше киген клуб тәрбиеленушілері нұсқаушылардың жетекшілігімен атыс, дене және саптық дарялық бойынша нормативтерді орындады.  Мұндай сабақтар клуб тәрбиеленушілерімен ұдайы негізде өткізіліп тұрады. Іс-шара қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер қызықты тәжірибе жинақтағандары үшін әскери теңізшілерге алғыс айтты және осындай практикалық сабақтардың санының ұлғаюына бірауыздан пікірлерін білдірді. ҚР Қарулы Күштері әскери-патриоттық жұмысқа, қазіргі заманғы жастарға қазақстандық патриотизм мен ең жақсы қасиеттерге баулу, сондай-ақ шақырылымға дейінгі жастардың жас патриот пен Отанға деген сүйіспеншілік бейнесін қалыптастыруға аса мән беретінін айта кетейік.