Инспекциялау топтары бірқатар әскери бөлімдерді тексерді

Инспекциялау топтары бірқатар әскери бөлімдерді тексерді

Инспекцияның мақсаты Вена құжатының ережелеріне сәйкес алдын ала хабардар етуге жататын «көрсетілген аудандарда» әскери қызметтің (ірі әскери оқу-жаттығулардың) болуы немесе болмауы дәйегін тексеру болып табылады. Инспекциялық топтардың өкілдері үшін әскери бөлімдердің командирлері таныстыру брифингтерін өткізді. Халықаралық инспекциялық топтарға ілесіп жүруді ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау жөніндегі орталықтың өкілдері қамтамасыз етті. Инспекцияның өткізілуі Қазақстан Республикасының сенім мен қауіпсіздікті нығайту аясындағы өзіне жүктеген халықаралық міндеттемелердің сақталуын растайтынын айта кету қажет.