
Сапардың негізгі мақсаты оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы және институттың оқу-материалдық базасымен танысты. Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы генерал-майор А. Рыспаев әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері үшін брифинг өткізді. Оның барысында институт тарихы, әскери оқу орнының ұйымдық құрылымы мен оқу-материалдық базасы туралы айтып берді. Сапар барысында шетелдік қонақтар ЖОО-ның оқу-ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен танысты, курсанттардың казармасын, спорттық мүкәммал мен спорт бұрышының жабдығын қарап шықты, сондай-ақ институт музейінде болып қайтты. Курсанттардың әскери киім үлгісін, ақпараттық-тәрбие беру бөлмесін ықыластарымен қарап шықты.