Қазақстанда ТМД елдері әскери оқу орындары ассоциациясының отырысы өтті

Қазақстанда ТМД елдері әскери оқу орындары ассоциациясының отырысы өтті

Ассоциация қазақстандық бастама негізінде құрылды. Оның құрылуы әскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, оларды кәсіби қайта дайындау және біліктіліктерін жоғарлату мәселелері бойынша жоғары әскери оқу орындарымыздың өзара іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік туғызды.   Отырыс жұмысына ТМД ҚМК жанындағы әскери білім беру мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің төрағасы, РФ ҚМ Кадрлар бас басқармасының бастығы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҚМК хатшысы және ТМД-ға мүше мемлекеттері (Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы) ҚМ 16 жоғары әскери оқу орнының бірінші басшылары қатысты. Ассоциация ұсынымдар үлгісінде шешім қабылдайды. Оның іске асырылуы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен айқындалады. Қызметтің мақсаты жоғары және орта кәсіптік білімі бар әскери кадрларды, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау мәселелері бойынша мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарының өзара іс-қимылын үйлестіру, кәсіби қайта даярлауды жүзеге асыру және мамандар мен ұйымдардың біліктіліктерін арттыру және әскери білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және ынтымақтастықты дамыту  болып табылады. Отырыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда Ассоциация төрағасы мен хатшысы сайланды. Қатысушылар 2023 жылға дейін жұмыс жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдады, сондай-ақ өзге де ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.