
Белсенді және салауатты өмір салтын, әскери-қолданбалы лспорт түрлерін дәріптеу және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылды әрі қарай сапалы нығайту баспасөз турының негізгі мақсаты болды. Журналистер үшін үш кезеңді әскери-спорттық ойын ұйымдастырылды. Оның барысында олар жеке қорғаныс құралдарын кию, кедергілер жолағынан өту, оқу гранаталарын лақтыру, сондай-ақ атыс қаруынан оқ ату бойынша дәлдеп атудан бақ сынасты. Әскери-спорттық ойынға 9 құрама команда қатысты. Олардың әрқайсысына 4 журналист пен әскери институттың 1 курсанты кірді. Сайыс нәтижелері бойынша «Хабар» және «Еуразия» телеарналарының құрама командасы бірінші орынды, «Қазспорт» телеарнасының командасы екінші орынды және «Ұлан» газетінің командасы үшінші орынды еншіледі. Баспасөз турының барлық қатысушыларын грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.