Әскери ұшқыштар іс жүзінде шартты түрде катапульталаған ұшақ экипажын іздестіру мен құтқару бойынша іс-қимылдарды орындады

Әскери ұшқыштар іс жүзінде шартты түрде катапульталаған ұшақ экипажын іздестіру мен құтқару бойынша іс-қимылдарды орындады

Іс-қимылдарды пысықтау барысында іздестіру-құтқару жасағының кезекші күштері арнайы автомобильді техника мен Ми-17 тікұшағында тапсырманы алу кезінде әскери ұшқыштардың болжалды катапульттеу ауданына бет алды. Іздестіру-құтқару тікұшағы болжалды жерге қону ауданында ұшқыштарды іздестіруді жүргізді. Оларды тапқаннан кейін катапульттеу орнына арнайы автомобильді техника жіберілді. Тікұшақ бортына ұшқыштарды көшіру арнайы көтеру құрылғысын пайдалана отырып жүргізілді.  ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы іздестіру-құтқару жасағы күштері мен құралдарының іс-әрекеттеріне «үздік» деген баға берді. Іздестіру-құтқару жасағының кәсіби дағдысын жетілдіру үшін әртүрлі оқу-жаттығуларды өткізу кезінде мұндай іс-шаралар ұдайы негізде пысықталатынын айта кеткен жөн.