«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті жіті бақылауда

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті жіті бақылауда

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу тәртібі және шарттарымен, оқу-материалдық базаның жай-күйімен және әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу мәселелерінің іске асырылуымен танысты, сондай-ақ инфрақұрылым мен техникалық аймақ нысандарын аралап шықты.  «Майлин» оқу-жаттығу полигонында қорғаныс ведомствосының басшысына «АрХО-2019» аясында «Танк биатлоны» халықаралық байқауына дайындықтан өтіп жатқан танк экипаждарының жаттығуы көрсетілді. Қоймаларда атыс қару-жарағының, киім-кешектің, азық-түлік пен әскери-техникалық мүліктің сақталуы тәртібі туралы қолбасшылық басшыларының баяндамаларын тыңдады. Сапар барысында әскери ведомство басшысы инженерлік техниканың дайындығына ерекше назар аударды. Оның қабілеттілігі жол салуға инженерлік нормативтің практикалық іс-қимылдарын орындау барысында паш етілді.  Одан басқа, оқ-дәрілерді түпкілікті жарақталған қалыпқа келтіру бойынша зертханалық пунктінің жұмысымен танысты.   Шығыс өңірінде болған кезде генерал-майор Н. Ермекбаев жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылу мәселелерін тексерді.   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы жұмысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда жауынгерлік іс-қимылдардың сипаты мен жүргізілу әдістерінің өзгеруін ескере отырып, жауынгерлік даярлықты жетілдіру, сондай-ақ алдағы оқу кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әскери бөлімдердің қолбасшылығына нақты тапсырмалар берді.