Қарулы Күштерде инженерлік әскерлер мен РХБҚ әскерлері кіші мамандарының шығарылымы өтті

Қарулы Күштерде инженерлік әскерлер мен РХБҚ әскерлері кіші мамандарының шығарылымы өтті

6 ай бойы әскери қызметшілер әртүрлі инженерлік техниканың механик-жүргізушілері, әскерлерді далалық сумен жабдықтау  және инженерлік қару-жарақ құралдарын жөндеу мамандары, барлаушы химиктер мен газсыздандыратын химиктер мамандықтары бойынша жан-жақты дайындықтан өтті.  Дайындық кезеңінде оқып-үйренушілермен жауынгерлік, арнайы және техникалық дайындықтың барлық түрлері бойынша сабақтар өткізілді. Соның нәтижесінде олар ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі әскери бөлімдерінде одан әрі қызмет өткеру үшін қажетті кәсіби білімдерін алды. Оқыту кезеңінде әскерилер үшін негізгі талаптар жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, химиялық кедергілер жолағын еңсеру, қатерсіздендіруді, киім-кешекті, штаттық қару мен әскери техникаы газсыздандыру мен зарарсыздандыруды жүргізу болып табылды. Оқыту әскери қызметшілердің «Жағалау» оқу-жаттығу орталығының полигонында практикалық тапсырмаларды орындауларымен аяқталды. Салтанатты іс-шара қорытындысы бойынша түлектерге сертификаттар мен кіші мамандардың куәліктері табыс етілді.