«Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысы қыза түсуде

«Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысы қыза түсуде

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-майор М.Бектанов әскерлердің біріккен топтамасының далалық басқару пунктінен әскерлердің үйлесімді іс-қимылдарын бақылауды жүзеге асырды және жағдайды өрістету бойынша нұсқаулар берді.  Оқу-жаттығу басшылығының штабы оқып-үйренушілердің іс-қимылдарына, әскерлер топтамасының бөлімшелерін қолдану тиімділігіне, сондай-ақ шартты қарсыласты айқындау, оқшаулау және жоюдың алдын ала нәтижелеріне үнемі баға беріп отырады. Барлық жерүсті іс-қимылдар майдандық және армиялық авиациямен тасаланады.  Маневрге Десантттық-шабуылдау әскерлері, «Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар, оның ішінде, майдандық  және армиялық авиация әскерлерінің  8000-ға жуық әскери қызметшісі мен  2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылғанын естеріңізге сала кетейік. Мұндай ауқымдағы оқу-жаттығудың негізгі ниеті сол немесе өзге стратегиялық бағытта қауіпсіздік мәселелерін пысықтау болып табылады.