Әскери жоғары оқу орнының курсанттары математикадан V Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлер үштігіне кірді

Әскери жоғары оқу орнының курсанттары математикадан V Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлер үштігіне кірді

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери ЖОО-лардың курсанттары өздерінің керемет математикалық білімдерін көрсетіп, күрделі инженерлік тапсырмаларды шешті. Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Ресей Федерациясы курсанттарының командасы жеңіске жетті. Екінші орынға Қазақстан командасы жайғасты, үшінші орынды Өзбекстан Республикасы місе тұтты.   Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы полковник А.Мұстабеков олимпиаданың маңызды қорытындысы сайысқа қатысқан елдер мен қарулы күштердің өзара іс-қимылын одан сайын нығайта түсу мүмкіндігі болғанын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір қатысушы әрқайсысында әрқашан болатын және әрі қарайғы қызметте сұранысқа ие болатын бас жүлде білім мен машықты алды.  Математикадан халықаралық олимпиаданың байқау сайысы Қазақстанда үшінші жыл қатарынан өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.