Жасұландық тағы да жеңімпаз атанды

Жасұландық тағы да жеңімпаз атанды

Сайыс Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткізілді.  Оған республикамыздың 6 өңірінің спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша биіктікке секіру сайысында мектеп тәрбиеленушісі Асылжан Сабыр 1 м 90 см биіктікке секіріп, бірінші орынды иеленді.   Мектеп тәрбиеленушісі А.Сабыр жеңіл атлетикамен 9 жасынан бастап айналыса бастаған. Оның бапкерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкерлері Шавкат Гаязович пен Денис Мосеев болып табылады. Жас Отан қорғаушы жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болып табылады.