
Балалар өз көздерімен қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін, атыс қаруын, Әскери-әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарын, сондай-ақ «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысқан ұшқышсыз ұшу аппараттарын көрді. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тартылған әскери қызметшілері барлау бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдарын, имитациялық оқ атумен қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдерін, өздерінің дене дайындықтары мен таңдаған кәсіпке деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Одан басқа, балаларға әскери оқу орындары мен оқуға түсу ережелерін айтып беретін деректі фильм көрсетілді. Техниканың көрсетілімі мен практикалық іс-қимылдардан кейін балаларды далалық асханаға шақырды. Ол жерде олар ұшу құрамының рационынан дәмді әрі пайдалы әскери тағамнан дәм татты. Өз кезегінде, алған әскерлері үшін ризашылық білдіру ретінде балалар концерттік бағдарлама ұсына отырып, өнер көрсетті. «Ашық ескі күндері бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Балаларға өте ұнады, олар әскерилердің өз техникасы туралы әңгімелерін ұйып тыңдады, оны қарап, соның жанында фотосуретке түсті. Бұл кездесуден алған әсер балалардың есіңнен кетпесі айдан анық.Біздің өзімізге өте қызық болды. Мен өзім тікұшақ пилотының кабинасына отырып, арнайы дулығаны киіп көрдім», - деді мектеп директоры С. Имиршаева.