
ШЫҰ алаңында Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Оның барысында халықаралық және өңірлік жағдайдағы бүгінгі ахуал, әскери ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ бағыттары, сондай-ақ жедел және жауынгерлік даярлық пен әскери білім берудің бірлескен іс-шаралары талқыға салынды.