Қазақстанның Қорғаныс министрі өзінің қытайлық әріптесімен кездесу өткізді

Қазақстанның Қорғаныс министрі өзінің қытайлық әріптесімен кездесу өткізді

Екіжақты кездесу барысында тараптар әскреи саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешек бағыттарын, өңірдегі қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне жедел ден қою мәнмәтінінде қорғаныс саласындағы практикалық өзара іс-қимылды, оның ішінде, терроризммен, экстремизм және сеператизммен күресуді нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде және әрі қарай дамуда жоғары әлеуетке ие екендігі атап өтілді.