
Конференцияның мақсатыақпараттық киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау, аталмыш салада мамандар қоғамдастығының бірігуі бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттің ақпараттық шептерінің қорғалуын арттыру болып табылды. Конференция жұмысына ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы, ҚР ІІМ академиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты. Әртүрлі мекемелер мен ведомстволардың ақпараттық киберқауіпсіздік саласындағы мамандар ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мәселелері жөнінде тәжірибемен, сондай-ақ аталмыш салада білікті кадрларды дайындау әдістемелерімен бөлісті. Баяндамашылар киберақуіпсіздіктің жіті проблемалары мен заманауи қоғамның тыныс-тіршілігінің әлеуметтік-саяси және техникалық аспектілеріндегі заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын көрсетті. Одан басқа, конференцияда Кеңес Одағының маршалы С.М. Буденный атындағы Әскери академия (Санкт-Петербор қ.), Сібір телекоммуникациялар және информатика мемлекеттік университеті (Новосібір қ.), Армия генералы И.К. Яковлев атындағы РФ Ұлттық ұлан әскерлерінің Новосібір әскери институтынан (Новосібір қ.) әріптестердің жұмыстары ұсынылды.