
Сайыс төрт кезеңнен тұрды: АК-74 автоматынан оқ ату, қашықтыққа Ф-1 гранатасын лақтыру, белтемірге тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру. Жарыс қорытындысы бойынша жеке бағдарламада аға сержант М. Ыбырайымов бірінші орынды, аға лейтенант Д. Кисекбаев екінші орынды және аға лейтенант Е. Қалдарбек үшінші орынды еншіледі. Командалық есепте Өскемен гарнизонының командасы бірінші орын мен «Шығыс» ӨңҚ әскери-спорттық көпсайыстың ауыспалы кубогын жеңіп алса, Аягөз бен Семей гарнизондары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. «Сайыс жоғары деңгейде өттті. Барлық қатысушылардың дене дайындығы керемет және жақсы дайындалған. Сайысқа қатысушылардың саны ғана емес, сонымен бірге спортшы әскери қызметшілердің шеберлік деңгейі де артып келеді», - деді «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасы дене дайындығы және спорт бөлімінің бастығы капитан Н. Тұрымов. Турнир жеңімпаздары әскери-спорттық кешенінің көпсайысынан ҚР Қарулы Күштерінің чемпионатына жолдама иегерлері атанғанын айта кеткен жөн.