АОСК спорттық кешенінің тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды

АОСК спорттық кешенінің тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды

Чемпионатқа барлығы Қазақстанның 13 өңірінен 300-ге жуық палуан қатысты.  Сайыс ҰОС-тың батыры    Сәду Шәкіровтің құрметіне орай өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жас армиялық спортшы Е. Өмірзақ үшінші орынды қанжығасына байлады. «Қарсыластар мықты болды. Медаль жеңіп алғаныма қуаныштымын және мені жақсылап баптап, дайындаған бапкеріме алғысым шексіз, 100%-ға өнерімді ортаға салдым, алайда, жеңіс тұғырынан көрінуге сәл-пәл жетінкіремей қалды.  Менің арманым әлем чемпионы атану және осы діттеген мақсатыма міндетті түрде жетемін», - деп жас спортшы алған әсерімен бөлісті.