
Континентальді біріншілікке барлығы Азияның 39 елінен 300-ге жуық дзюдошы қатысты. Сайыс 14 салмақ дәрежесінде өтті. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армиялық спортшы Е. Жұмақанов «күміс» жүлде иеленді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға АОСК-ның спортшысы ефрейтор Ғ. Қырғызбаев таласты. Турнир рейтингтік болып табылатынын айта кету қажет. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге олимпиадалық ұпайлар беріледі. Бірінші орынды иеленген балуандар 350 ұпайға, екінші және үшінші орындарды еншілегендер сәйкесінше 245 және 175 ұпайға ие болады.