
М. Седнева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін Оңтүстік Кореяның өкілі Хайюнг Кимментартысқа түсті және 5:4 есебімен жеңіске жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. А. Теміртасова 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «қола» жүлде үшін тартысқа түскенде Үндістанның спортшысы Каур Навджотты 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, сәтті өнер көрсетті.