
2 күн бойы 13 команданың 80-нен аса футболшысы бас жүлде үшін тартысқа түсті. «Әскерилердің балалары арасындағы «Былғары доп» турнирі Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасы бойынша екінші рет өткізілуде. Әр команда жеңіске жетемін деп келді. Жеңіске деген ерік, керемет гол соғулар, түңілу жасы мен әрбір соғылған голдан кейінгі қуаныш. Футбол адамды өзге адамдармен ортақ тіл табысуға, жауапты болуға, оның ішінде, ұжымдық, жеке қасиеттерді дамытады», - деді АОСК-ның бастығы А. Қорғамбаев. «Оңтүстік» ӨңҚ командасы турнир жеңімпазы атанды. «Күміс» жүлде Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтына бұйырды. Үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Шығыс» ӨңҚ командалары өзара бөлісті. «Жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымыз. Сайысқа дайындалдық, 100%-ға барымызды салдық. Жеке өз басым турнирде 16 гол соқтым. Біз «Оңтүстік» ӨңҚ Гвардейск гарнизонынан келдік. Турнир нәтижесі көрсеткендей бекер келмеппіз», - деп жеңімпаздар өкілі Аңсар Ахметов алған әсерімен бөлісті. Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің балалары үшін спорттық секциялар ашылғанын естеріңізге сала кетейік. Бүгінгі таңда 6 мен 16 жас аралығындағы 750-ден аса бала футбол, қазақ күресі, бокс, таэквондо, үстел теннисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың өзге де түрлерімен шұғылданады.