Елордалық жасұландықтар ҚР Тұңғыш Президентіне арналған «Тұңғыш» экскурсиялық жобасымен танысты

Елордалық жасұландықтар ҚР Тұңғыш Президентіне арналған «Тұңғыш» экскурсиялық жобасымен танысты

«Тұңғыш» экскурсиялық жобасы Елбасының жасампаздық-шығармашылық идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, кітапхананың бірегей қорларын насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастыру әдістерін дамытуға, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі және қызметімен таныстыруға бағытталған. Арнайы әскери қызметшілер мен мектеп тәрбиеленушілері үшін «Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу мен даму тарихы» тақырыбында ауқымды кешенді көрме өрістетілді. «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы бірнеше тақырыптарды қамтиды. Атап айтқанда, «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Шыңға шығу», «Президент марапаты – халыққа деген ризашылық», «Атамекен» және «Қазақстанның спорттық даңқы».    Көшпелі экскурсияның форматы әскери қызметшілер мен тәрбиеленушілерге бірегей материалдардың, оның ішінде, бейнехрониканың сирек кездесетін кадрлары, Елбасының тарихи жолын аша түсетін фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттардың   тұтас кешенімен танысуға мүмкіндік берді.   Одан басқа, келушілер Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянының дәйектерімен, металлург жұмысшыдан бастап ҚР Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолымен байланысты мұрағаттық құжаттардың парақшаларын ақтарып шығуға мүмкіндік алды.