
Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскреи мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлық бойынша әртүрлі шараларға қатысып, Отан алдындағы парыздарын абыроймен атқарып, үйлеріне жөнелтілді. Қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты рәсім жауынгерлік тумен қоштасу рәсімімен өткізілді. Қызметтік міндеттерін адал орындап, үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін әскери қызметшілер алғыс хаттармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бригада қолбасшылығы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. «Ер азамат мықты және қайсар болуы тиіс деп ойлаймын. Ал ол үшін міндетті түрде әскерде борышыңды орындау керексің. Маған әскерде барлығы ұнады. Біз ебедейсіз жасық балалардан есейген және сақа жігіттерге айналдық. Әскерден кейін жақындарымыз бен достарымызға ауыз толтырып айтатындай дүниелеріміз баршылық. Себебі, биылғы жыл өмірімізде оқиғаларға толы жыл болды», - деп қатардағы жауынгер Б. Оразалы ағынан жарылды. Қарулы Күштерде ағымдағы жылдың көктемінде заңда белгіленген мерзімді әскери қызметтің мерзімін өткерген 6000-ға жуық әскери қызметші запасқа босатылатынын естеріңізге сала кетейік.