Қазақстанның Қарулы Күштерінде дене даярлығының ұйымдастырылуы бойынша байқау-конкурстың алғашқы кезеңі аяқталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде дене даярлығының ұйымдастырылуы бойынша байқау-конкурстың алғашқы кезеңі аяқталды

Іс-шараның негізгі мақсаты әскери бөлімдердің дене даярлығы және спорт бастықтарының, сондай-ақ жауынгерлік және дене даярлығы бойынша нұсқаушылардың, бөлімшелер сержанттарының  дене және әдістемелік дайындықтарының деңгейін арттыру болып табылады. Байқау-конкурсқа әскери-спорттық кешеннің жаттығулары мен 10 шақырымға марш жүгіру жасаудан сайысқа түскен әскери бөлімдердің бөлімшелері қатысты.   Сайыс нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың мамырында ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтары мен әскер тектері ауқымында өткізілетін байқаудың келесі кезеңіне қатысу үшін үздік бөлімшелер іріктелінді.  Дене даярлығы жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыруға әскери қызметшінің әзірлігінің негізгі элементтерінің бірі, армияның жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететін бағыт болып табылатынын айта кету қажет.