Қазақстандық патриотизм – көпұлтты қоғамның табыстылық негізі

Қазақстандық патриотизм – көпұлтты қоғамның табыстылық негізі

Жиын барысында жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары белтемірге тартылу, Калашников автоматын шашып-жинау, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киюден нормативтерді орындады, сондай-ақ саптық дайындық және әскерилендірілген эстафета бойынша сабақтарға қатысты. Одан басқа, жиын қатысушыларына әскери кафедраның оқу-материалдық базасы, әртүрлі атыс қару-жарағы, броньды танкті техника, артиллериялық жүйелер, оқу тренажерлары көрсетілді, сондай-ақ негізгі оқыту пәндері бойынша айтып берді.   Әскери кафедра базасындағы «Арлан» әскери-патриоттық жастар жиынын дәстүрге айналдыру жоспарланып жатқанын айта кетейік. Бұл өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.