
Делегация Түрік Республикасының қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің жетістіктерімен, сондай-ақ өзге шетелдік өндірушілердің әскери мақсаттағы өнімімен танысты. «IDEF-2019» көрмесіне әлемнің 50 елінен, оның ішінде, кеме құрастыру, құрлық әскерлерінің қару-жарақтары, авиациялық және әуежай жабдығының қауіпсіздігі саласында мамандандырылған Қазақстаннан 100 ресми делегация мен 820 кәсіпорын қатысты.