Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Конференцияға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің, әскери оқу орындарының, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының, Ұлттық ұлан мен ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.   Конференцияның мақсаты теориялық сұрақтарды талқылау, мемлекеттің әскери ұйымын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың практикалық нәтижелерін талдау, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, әлеуетті құрылымдар мен ведомстволарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерінде ғылыми нәтижелер және озық практикалық тәжірибемен алмасу болды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен тығыз өзара іс-қимыл жасауына, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің әскери-техникалық саясатының маңызды бағыты болып табылатын әскери-техникалық ынтымақтастыққа негізделуі тиіс және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етумен диалектілік байланыста тұр деген қорытындыға келді.