АОСК-ның спортшысы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі халықаралық көрмеде Қазақстанның намысын қорғады

АОСК-ның спортшысы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі халықаралық көрмеде Қазақстанның намысын қорғады

Іс-шара шеңберінде спортшы Сергей Цырульников ең күрделі трюктермен толтырылған арнайы көзтартар шоу барысында көрме келушілеріне өзінің физикалық қабілеттерін паш етті. Сондай-ақ еліміздің күштік мәдениеті мен ұлттық спорт түрі – қазақ күресі туралы айтып берді.   Сергей Цырульников әлемнің, Гиннесс рекордтар кітабының 4 дүркін рекордсмены және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмены,  волейбол және пауэрлифтингтен спорт шебері, гір спортынан спорт шеберіне кандидат, бірқатар қауіпті, күрделі трюктердің (төрт жылқыны ұстап тұрып, бірнеше метрге салмағы 148 тонналы вагоны бар тепловозды сүйреді) және өзге көзтартар нөмірлердің орындаушысы екенін естеріңізге сала кетейік. Ақмола облысы, Шортанды ауданының тумасы, қазақ балуандары Қажымұқан мен Балуан Шолақтың дәстүрін жалғастырушы.  АТМ көрмесі 8 халықаралық көрменің бірі болып табылады. Онда Алматы 2019 жылы өзінің туристік әлеуетін көрсетті. АТМ көрмесіне әлемнің 87 елінен 3000-ға жуық экспонент, оның ішінде, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік және Орталық Африка, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия мен еліміздің көптеген елдерінен 60 ұлттық туристік ұйым қатысты.  Көрмеге әлемнің 135 елінен 26 мыңнан аса маман келді.