Елордада аты аңызға айналған «Қара майор» туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Елордада аты аңызға айналған «Қара майор» туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Премьералық көрсетілімді Қорғаныс министрлігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе ұйымдастырды. Деректі таспа Әсет Ерназаров пен Ғазиз Насыров Ауған соғысының ардагері, КСРО Қарулы Күштері Бас штабы Барлау бас басқармасы 177-ші арнайы мақсаттағы жасақтың командирі полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың  тағдыры туралы сыр шертеді. «Жобаны дайындауға қатысқан, осы еңбекке өзінің үлесін қосқан продюсерлерге, сценарийшілерге, режиссерлерге алғыс айтқым келеді.  Батырымыздың өмірі туралы баға жетпес мәліметтер ұсынған Борис Төкенұлының туысқандары мен жақындарына, достары мен таныстарына да алғыс білдіремін. Осы фильм Отанына адал болуға және оны сүюге, өзінің отандастары үшін мақтаныш сезімі рухында өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісінде, сондай-ақ әскери қызметшілердің ең маңызды қасиеттерін, әскери ант пен әскери борышқа адалдықты қалыптастыруда негіз болатынына кәміл сенімдімін», - деді әскери ведомство басшысы. Іс-шараға Борис Төкенұлы Керімбаевтың туған-туысқандары, ауған соғысының ардагерлері, Қорғаныс министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам өкілдері, сондай-ақ картинаның түсірілім тобы мен «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері қатысты. Деректі фильмнің көрсетілімінен кейін ауған ардагерлері оларға назар аударып, болған оқиғаларды еске алуға мүмкіндік беріп, бір марқайтып тастағандары үшін фильм шығарушыларына алғыстарын білдірді.Одан басқа, олар командир Борис Керімбаев туралы кейбір естеліктермен және Ауғанстандағы қызметтері туралы естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ болашақ ұрпақ бейбіт аспан аясында өмір сүретіндеріне үміт білдірді.