Қорғаныс министрлігі ұшуларға тыйым салынған аймақтар мен шектеулі аймақтар тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

Қорғаныс министрлігі ұшуларға тыйым салынған аймақтар мен шектеулі аймақтар тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

«Ұшуларға тыйым салынған аймақтар мен шектеулі аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «ҚР әуе кеңістігін пайдалану мен авиацияның қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы 7) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді. Бұйрық жобасында ұшуларға тыйым салынған аймақтар мен шектеулі аймақтарды бекіту қарастырылған. Бұйрық жобасының іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкеп соқтырмайды, тауарларды сату, қызметтер немесе интеллектуалдық жеке меншікке қатысы жоқ және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.   Құжаттың толық мәтінімен www.mod.gov.kz ресми сайтының «НҚА жобалары» бөлімінде танысуға болады.