Қорғаныс министрлігі әуе қозғалысын басқару бойынша нұсқаулықты бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

Қорғаныс министрлігі әуе қозғалысын басқару бойынша нұсқаулықты бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

«Әуе қозғалысын басқару бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы 29) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді. Бұйрық жобасында мемлекеттік авиацияның әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде әуе қозғалысын басқару тәртібін айқындау қарастырылады. Бұйрық жобасының іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкеп соқтырмайды, тауарларды сату, қызметтер немесе интеллектуалдық жеке меншікке қатысы жоқ және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.  Құжаттың толық мәтінімен www.mod.gov.kz ресми сайтының «НҚА жобалары» бөлімінде танысуға болады.