
Жас Отан қорғаушыларды шығарып салуға және оларға керемет қызмет тілеуге Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, ҚР Қарулы Күштері Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Шампиев, интернационал жауынгерлер, ЖӘБО-ның және әскери бөлімдердің жеке құрамы, әскери ЖОО-лардың курсанттары, жасұландықтар, кадет сыныптарының оқушылары, әскери кафедралардың студенттері, сондай-ақ шақырылушылардың туысқандары мен жақындары келді. Іс-шара құрмет қарауылы ротасының көрсетпелі көрсетілімдерімен, қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілдерінің көрсетілуі, вокалды және би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен өткізілді. Шара соңында шақырылушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланып отырғанын айта кетейік. Қазіргі уақытта Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі және ҚР Қарулы Күштері бөлімшелерінің негізгі бөлігі жас толыммен жасақталып үлгерді.