Армияшылар Нұр-Сұлтанда жеңіс тұғырынан көрінді

Армияшылар Нұр-Сұлтанда жеңіс тұғырынан көрінді

Сайысқа барлығы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 300-ден аса мықты спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 65 келі салмақтағы Жүсіп Сәбит пен 84 келіге дейінгі салмақтағы Руслан Гончаров чемпиондар белбеуін қанжығаларына байлады.    «Спортшылар мықты деген атақты иелену үшін ғана емес, сонымен бірге, Италиядағы әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстанның құрамасына кіру үшін тартысқа түсті.   Олар үшін бұл іріктеу сайысы болды. Сондай-ақ армиялық спортшылардың керемет дене даярлықтарын атап өткім келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті», - деп АОСК штаттық командаларды дайындау орталығының бас бапкері майор Мұхит Асылбеков өз бойымен бөлісті. Естеріңізге сала кетсек, панкратион спорттың ең көзтартар түрі болып табылады. Онда еркін және грек-рим күресінің, самбо, дзюдо, бокс және өзге де жекпе-жектердің техникалық іс-қимылдарының барлық дерлік арсеналын қолдануға рұқсат етіледі.