
Делегация құрамына Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы өкілдігінің әскери атташесі полковник М. Налаваде мен Үндістан Республикасы Ұлттық кадет корпусы делегациясының басшысы полковник С. Пандей кірді. Бару барысында Үндістан Республикасы Ұлттық кадет корпусының делегациясы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті әскери кафедрасының студенттерімен бірлесе үнді ақыны Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды және ұлы үнді мемлекеттік қайраткері, жазушы, ақын және әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреатының туылған күніне орай әдеби оқулар өткізді. Одан басқа, сапар аясында университет студенттері Үндістан Ұлттық кадет корпусының кадеттерімен бірлесе әскери пәндер бойынша бірлескен практикалық сабақтар өткізді. Сондай-ақ шетелдік қонақтар үшін Өскемен қаласының көрікті жерлеріне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.