
Кездесу барысында тараптар халықаралық қауіпсіздіктің көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасты, қорғаныс саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу барысын және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының өзге де мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ынтымақтастығы әскери білім мен мамандандырылған дайындықты қоса алғанда әртүрлі салалардағы стратегиялық серіктестік пен өзара іс-қимыл болып табылатынын айта кету қажет. Жыл сайын екіжақты және көпжақты негізде оқу-жаттығулар өткізіледі.