Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері «DALA RACE 2019» экстремалды жүгірудің жеңімпазы атанды

Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері «DALA RACE 2019» экстремалды жүгірудің жеңімпазы атанды

Жүгірудің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау мен дәріптеу, салауатты өмір салтын ұстануға әртүрлі топтағы адамдарды тарту және жастарды спортпен шұғылдануға шақыру болып табылды. Жүгіруге 18 жастан бастап барлық ниет білдіргендер қатыса алды. Алайда, олар кемінде 10 шақырымды жүгіріп өткен жарыстарға қатысқандарын растауы тиіс болды. Жүгіру қашықтығы жүріп өтілген жер бойынша 15 км құрады. Оның барысында қатысушылар топырақты және тасты жолдан, былқылдақ жерден  жүгірді. Сондай-ақ қашықтықты үнемі көтерілулер мен түсулер күрделендіре түсті. Жүгіруге барлығы 100 жүгіруші қатысты. Жүгіріс жеңімпаздары жалпы есепте анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша аға лейтенант Сергей Садриев жеңіске жетті. Ол қашықтықты 1 сағат 1 минутта жүгіріп өтті. Аталмыш жеңіс бірінші емес екенін айта кетейік. Соңғы жылдары ол Атыраудағы «Atyrau Yellow Race», «Atyrau Ice Race» және  Астана марафон 2019 жыл сайынғы жазғы марафонының бірнеше дүркін жүлдегері болды.