
Сайысқа барлығы 140-тан аса боксшы, облыстар мен қалалардың құрама командаларының мықты өкілдері қатысты. Сайыс 10 салмақ дәрежесінде өтті. Спартакиада қорытындысы бойынша 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының жүлдегері және еліміздің бірнеше дүркін чемпионы АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Е. Жомарт «күміс» жүлдені еншіледі. 64 келіге дейінгі салмақта Д. Мижитов армиялық спортшы үздік атанды. «Спортшылар жақсы дене дайындықтарын, жауынгерлік рух пен кәсіпқойлықты көрсетті. Жанқиярлықты таныта отырып, олар 100 пайызға барын салды. Барлық жекпе-жек көзтартарлық болды. Командалар өздерінің мықты боксшыларын шығарды. Ағымдағы жылы турнир еліміздің чемпионатына теңестірілгенін айта кеткен жөн. Оның қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық командасына іріктеу жүргізіледі», - деді бокстан АОСК командасының бастығы аға лейтенант Б. Жақыпов.