
ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор М. Бектанов жаңа басшылықты ептілікпен және жоғары кәсіби басшы ретінде сәтті танытатынын сенімді жеткізе отырып, алға қойған мақсаттар мен барлық жүктелген міндеттерді сенімді орындауда табандылықпен жетулерін тіледі. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен 2019 жылдың 4 мамырында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып генерал-майор М. Құсайынов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып генерал-майор Қ. Қарақұлов, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Десанттық шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып генерал-майор Қ. Әубәкіров, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып генерал-майор Қ. Садықов, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып полковник Н. Алдияров тағайындалған болатын.