Үздік жас офицерлерді құрметтеу рәсімі өтті

Үздік жас офицерлерді құрметтеу рәсімі өтті

Салтанатты іс-шаралардың құрметті қонақтары Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери оқу орнының басшылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы мен курсанттар, және олардың отбасылары мен туыстары болды.

Құрлық әскерлері Әскери институтының түлектерін – жас офицерлерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов пен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов құттықтады.   

Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылары мен жас  офицерлердің кездесу дәстүрге айналды. Аталмыш жоба 5 жыл бұрын түлектердің қызметі мен жетістіктерін зерттеу мақсатында құрылған болатын. Курсанттар мен жас офицерлердің өздері үшін бұл салтанатты рәсім оқу мен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қосымша ынталандыру.

Өз кезегінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында аталмыш шара алғаш рет ұйымдастырылды, алайда ендігі уақытта дәстүрлі түде жалғасатын болады.

Үздік жас офицер болып танылған түлектер бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әртүрлі әскери бөлімдерінде қызмет етуде. Екі жыл ішінде қызметте олардың барлығы тәртіп, жауапкершілік пен кәсіпқойлықты көрсетті. Өз жетістіктері үшін әскери қызметшілер оқу орынның басшылығы атынан грамоталармен және "Үздік офицер"төсбелгісімен марапатталды.