«Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында жаңа қолбасшылықты таныстыру рәсімі өтті

«Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында жаңа қолбасшылықты таныстыру рәсімі өтті

ҚР Президентінің өкімімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып полковник Асан Жүсіпов, ҚР Президенті Жарлығына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – басқару штабының бастығы болып полковник Абай Жолдасов тағайындалды.

  Генерал-майор Бектанов екі офицерді бұрынғы лауазымында функционалды міндеттерін орындау кезінде үздік кәсіпқойлық қаблеттерін танытып,  өзіндерін жан-жақты жедел ойлай алатын, мақсатты айқын анықтай отырып, көпжоспарлы тапсырмаларды тиімді шешуге тырысатын шебер әскериқызметшілер ретінде көрсете алды деп атап өтті.

Полковник Асан Жүсіпов Алматы әскери жалпыәскери командалық училищенің түлегі, ҚР ҚК Әскери академиясын және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб факультетін тәмәмдаған. Қарулы Күштерінде офицер взвод командирінен бастап әр түрлі әскери бөлімдерде бригада командиріне дейінгі әр түрлі лауазымдадан өтті. Қазргі тағайындалуына дейін штаб бастығы - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Полковник Абай Жолдасов Полтава жоғары зениттік-зымыран командалық училишесін, Ресей Федерациясындағы әскери ӘШҚК әскери университетін, сондай-ақ ҚР Тңұғыш Президенті –Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штабы факультетін тәмамдаған. Әр жылдары взвод командирінен бастап Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығына дейінгі лауазымдарды атқарды. Бұдан бұрын ҚР КК Бас штабы стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары болды.